Бұл туралы боксшының PR менеджер Берік Сұлтан ресми түрде мәлім етті.
«Ресми! Жеңілмегендердің айқасы! Қарсылас анықталды. Жәнібектің қарсыласы 18 жекпе-жегінің бәрін жеңген, оның 15-ін нокаутпен ұтқан ганалық әккі боксшы Самир. 28 наурыз», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады.