Қазақстанда Әлімханұлы-Бентли жекпе-жегінің трансляциясын «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Тікелей эфир 13 қараша күні таңертең Астана уақытымен 08:00-де басталады.
Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді. Қазақстандық боксшы Бентлимен жекпе-жегі титулды ерікті қорғау мәртебесін алды.
Бұған дейін хабарланғандай, Жәнібек Әлімханұлының орта салмақта WBO тұжырымы бойынша толыққанды чемпион атанған. Бұрынғы титул иегері Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы титулды қорғаудан бас тартты.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly