Жәнібек ауданында боран кезінде жоғалып кеткен адамдардың мүрделері табылды - БҚО

None
ОРАЛ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы қыста қатты боран кезінде Жәнібек ауданында жоғалып кеткен қос бірдей адамның мүрдесі екі айдай уақыт өткен соң табылды.

Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, Тау ауылдық округіне қарасты Жұмаев елді мекенінде мұғалім болып жұмыс жасаған 1988 жылғы Мәншүк Диярова 1 ақпан күнгі боранға ұшыраған еді. Оның денесі сол елді мекеннен жеті шақырым жерде, теміржолға жақын разъезд маңынан 7 сәуір күні табылды.

Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Бірәлі қыстағында кәсіпкер Қанат Нығметовтің малын баққан 1957 жылғы Ғабдулманмәжит Абдуллин 2 ақпан күні қоймен бірге ығып кеткен болатын. Оның мүрдесі 30 наурыз күні сол елді мекеннен 1 шақырым жерден шықты.