КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында «Жәнібек хан кесенесіндегі антропологиялық деректерді сәйкестендіру» ғылыми-зерттеу жобасының екінші кезеңі басталды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында жазғы-күзгі кезеңге белгіленген негізгі жұмыстар атқарылады. Осы мақсатта археологиялық экспедиция жұмыс істейді» , - дейді мұражай қызметкерлері.
Бұл экспедицияның құрамында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен ҚР Ұлттық музейінің археолог мамандары бар.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.