Жәнібек Қожық: Ұлттық кеңеске үлкен сенім артып отырмыз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне үлкен үміт артып отырмыз. Бұдай пікірді аталған кеңестің мүшесі Жәнібек Қожық мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттыққоғамдық сенім кеңесі – ол билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болады депсенімдемін. Оған үлкен үміт артып отырмыз. Сол кеңестің ішіне кіргеннен кейінмемлекетке де, халыққа да тиімді маңызды мәселелерді, жобаларды ұсынып әріталқылап, көптеген заңдардың шығуына, қажетті өзгерістердің болуына шамамызкелгенше атсалысамыз. Басталғалы жатқан ісіміз сәтті болады деген пікірдеміз»,- деді Жәнібек ҚожықОрталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайдаол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысында мемлекетіміздің дамуына қатыстыауқымды мәселелер қаралатынын атап өтті.

Бұдан бұрынхабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенімкеңесі туралы Жарлыққа қол қойды,

Айта кетейік, Ұлттық кеңеске кімдер кіргені белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар