13 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы қарсылас шақ келтірмеді. ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс барысында Бекмұхамбетова алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Финалда теннисшіміз Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 (11:7, 11:3, 11:7) есебімен жеңді.
Бекмұхамбетова әлемдік рейтингіде жетінші орында тұр.
Айта кетейік, астаналық гимнастшылар ел чемпионатында үздік атанды.