АСТАНА. KAZINFORM — Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде күміс медаль жеңіп алды.
Спортшы U13 жас санатында екінші орынға ие болды.
Ол турнир барысында Жания Эма Калужаны (Словения) — 3:0, Зита Петровичті (Хорватия) — 3:0, Сара Серпаны (Румыния) — 3:0, Стелла Пресецкиді (Хорватия) — 3:0, Линь Цзяцзюньді (Сингапур) — 3:0, Изабела Пастинаны (Румыния) — 3:0 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы Лизетт Фазекашқа (Хорватия) 1:3 есебімен есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Еске салайық, Қазақстан жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.