Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде топ жарды

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Жәния 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанған. 

Отандасымыз турнир барысында 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Үндістан, Колумбия, Хорватия және Польша спортшыларынан басым түскен. 

Еске салсақ, бұған дейін әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы белгілі болғанын жазған едік.