Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Жәния 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанған.
Отандасымыз турнир барысында 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Үндістан, Колумбия, Хорватия және Польша спортшыларынан басым түскен.
Еске салсақ, бұған дейін әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы белгілі болғанын жазған едік.