Жанкент қалашығы туристік нысанға айналады

Фото: None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағында орын тепкен Жанкент қалашығын туристік нысанға айналдыру мақсатында ауқымды қазба жұмыстары жасалып келеді. Бұл бағытта жергілікті археологтар Германия және Ресей ғалымдарымен бірге жұмыс жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкент қалашығы Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылынан оңтүстік-шығысқақарай 500 метрде орын тепкен. Жанкент X-XI ғасырларда оғыздардың ордасы болғандеген деректер айтылады. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында облыстың жалпыұлттыққасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Биыл Жанкент қалашығында кешендіархеологиялық және қайта жаңғырту шаралары атқарылуда.

Биылғы археологиялық жұмыстарды неміс және орыс ғалымдарымен бірге Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология жәнеэтнография» ғылыми-зерттеу орталығы қолға алды. Оған орталық жетекшісі ӘзілханТәжекеев басшылық жасайды.

Археологиялық шаралар облыс әкімдігі жанындағы Қызылорда облысыныңтарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемеліккеңестің шешімімен қолға алынған. Бұл шараларға облыстық бюджет есебінен қаржыбөлінді. Биыл қалашықты туристік нысанғаайналдыру мақсатында ауқымды қазбалар шаралары жүзеге асты. Аршылған құрылыснысандарын қалпына келтіру, сақтау жұмыстарына да көңіл бөлінді.

Биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында Германияның Тюбенгенуниверситеті, Ресей Федерациясының Николай Миклухо-Маклай антропологияинституты ғалымдары археологиялық зерттеу шараларын жүргізіп келеді. Бұлмақсатта аталмыш зерттеу орындарымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттікуниверситеті арасындағы меморандум жасалған. Нәтижесінде Жанкент қаласындагеомарфология, геофизика, топырақтану бағыты бойынша маңызды жобалар жасалуда.Бұл бағытта неміс, орыс ғалымдары өз қорытындысын ұсынып, қызылордалықархеологтармен бірге бірлескен археологиялық зерттеу шараларын жалғастырыпкеледі. Қазіргі күні неміс және орыс ғалымдары Генрих Харке, Ирина АржанцеваЖанкент қалашығында өз жұмыстарын атқарып келеді.

«Қазба жұмыстарымен қатар, қалашықтың шығыс қорғаныс қабырғасына ҚРМәдениет және спорт министрлігі тарапынан республикалық бюджет есебінен қайтажаңғырту шаралары да атқарылып келеді. Бұл бағытта «Қазреставрация» мекемесіқалашықтың шығыс қорғаныс қабырғасынының өзекті және құлау қаупінде тұрғанжерлерін сақтау, бекіту, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», - деді «Археология және этнография» ғылыми-зерттеуорталығының жетекшісі Әзілхан Тәжекеев.

Еске салсақ, Жанкент қалашығы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар