Жанкент қалашығын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағында орын тепкен Жанкент қалашығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы НұрсұлтанНазарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолғаалынып отыр.

Аталған қалашық VІІ-ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикентдеп аталған. Түрікмен тарихшысы Әбілғазы Баһадүрдіңайтуынша, оғыз еліне жүздеген жылдар бойы астана болып келген. Жанкент шаһары Сырөзенінің сол жақ бетінде орын тепкен. Аудан орталығы - Әйтеке би кентіне 15-20шақырым қашықтықта жатыр. Қазалы ауданы аумағындағы Өркендеу ауылына өте жақынорналасқан.

Бүгінгі таңда Жанкент қалашығында қазба жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Ол Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жәнепайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен жүзеге асырылуда. Далалықэкспедиция жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініңғалымдары қолға алып отыр. Оған университеттің археология және этнографияғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, PhD доктор Әзілхан Тәжекеев жетекшілік жасап келеді.

«Биылғы қазба жұмысында қалашықтың шахристан бөлігіндеорналасқан тұрғын үй кешеніне зерттеу жүргізілді. Ескерткіш цитаделініңсолтүстік қабырғасынан аршылған мұнаралар мен оған жалғасып жатқан қабырғаларғаназар аударылды. Сондай-ақ, қалашықтың шығыс қабырғасының ортаңғы бөлігінеқазба салынып, толық аршылды», - деді Әзілхан Тәжекеев.

Қазіргі таңда тұрғын үй кешеніне консервация жүргізіліп,үсті металл жабындымен шатырланды. Республикалық бюджет есебінен қалашықты қайта жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Бұдан бұрын Қызылордада студенттер көне Жанкент қалашығынзерттейтінін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар