Таратылған ақпаратқа қарағанда, содыр «Боко Харам» тобының әрекетін бірнеше мәрте сын тезіне алған ықпалды ислам дінін уағыздаушыға қастандық жасамақ болған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылыс Кадун қаласындағы көлік ағыны мол көшелердің бірінде шейх Дахиру Баучи машинасымен өтіп бара жатқанда орын алған. Айта кетерлігі, бұл діни қызметшіге бұған дейін де қастандық жасалған болатын.
Аталған шабуылды елдегі бірде-бір топ өз мойнына алып отырған жоқ. Дегенмен, «Боко Харам» тобы бұған дейін де Нигерияның солтүстік-шығысында дәл осындай шабуыл ұйымдастырған еді. Ол кезде содырлар өңірдегі маңызды көпірлердің бірін жарып жіберген.