Жанкешті Пәкістандағы мешітті жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан мешітінде жұма намазы кезінде жанкешті «Аллаху әкбар» деген ұранмен өз-өзін жарып жіберді.

Бұл туралы BBC хабарлады. 

Қайғылы оқиға Ауғанстан шекарасы маңында орналасқан Мохманд ауданында орын алды. Жанкештінің шабуылы салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақаттанды.

 «Мешітте адам лық толы болды. Ол «Аллаху әкбар» деп айқайлап, кейін қуатты жарылыс орын алды», - деп хабарлады Рейтер агенттігіне аудан әкімшілігі басшысының орынбасары.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.