Жанкештілер Пәкістандағы әскери орталыққа шабуыл жасады

АСТАНА. 13 мамыр. ҚзаАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Шабкадар қаласындағы әскери дайындық орталығының кіреберісіне жанкештілер жасаған шабуыл кезінде кем дегенде 70 адам қаза тапты.

Отыздан астам адам зардап шекті, деп мәлімдеді жергілікті полиция, олардың кейбірінің жарақаты ауыр, құрбан болғандар саны артуы ықтимал, деп хабарлады Associated Press ..

Жанкештілер екеу болған, олар бірінен-соң бірі жарылды.

Осыған дейін хабарланғандай, Солтүстік Вазиристан уәлаятында американдық пилотсыз ұшақтың оқ жаудыруы салдарынан бес адам өлтірілді.

Ұшақ Ауғанстанмен шекараға жақын маңдағы көлікті оқтың астына алды.

Болжам бойынша атыс кезінде жергілікті қылмыстық топтардың содырлары қаза тапты.