АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 жастағы қазақстандық кәсіби боксшы Жанқош Тұраров «Профи Бокс Казахстана» онлайн басылымының журналистеріне берген сұхбатта отандасы Геннадий Головкин 18 наурызда Нью-Йорктың «Madison Square Garden» аренасында өтетін америкалық Дэниэл Джейкобспен өтетін кездесу жөнінде өз болжамын айтты.
«Жақсы кездесу. Менің ойымша, Головкин Джейкобсты сегізінші раундқа жеткізбей нокаутқа түсіреді», - деді Тұраров.
Жанқош Тұраров кәсіби рингте 20 кездесу өткізді және барлығында жеңіске жетті. Бұған дейін қазақстандық келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізетіндігін хабарлаған болатын, деп жазады sports.kz.