Жекпе-жекті қарқынды бастаған Жанқош Тұраров қарсыласын үшінші раундта екі мәрте нокдаунға жіберген болатын, осыдан соң төреші кездесуді аяқтау туралы шешім шығарды.
Жанқош Тұраров WBA рейтингісінде 10-орында және IBF рейтингісінде 12-орында келеді. Қазақстандық кәсіпқой боксшы 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Оның 15 кездесуін Жанқош нокаутпен аяқтады.