BoxRec.com мәліметінше, Ж.Тұраров рингке 19 наурызда оралады. Бокс кеші Мәскеу қаласында өтеді. Оның қарсыласының есімі әлі аталған жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.
Қазақстандық спортшы бұған дейінгі айқасын 2021 жылдың желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бокс кешінде өткізген еді. Ол 47 секунд ішінде мысырлық Абдумонем Саидті (22-2-1, 11 КО) нокаутқа түсірді.
Оның алдында боксшымыз 2019 жылдан бері кездесу өткізбеген.