Қазақстандықтар енген тізімде Жанқош Тұраровтың орны өзгерді. Ол жартылай орта салмақ санатында 10-орыннан тоғызыншы орынға көтерілді. Қанат Ислам бірінші орта салмақ бойынша төртінші орында қалды, ал Иса Ақбербаев WBA ауыр салмақ дивизионының үздік он бестігін түйіндеп тұр.
Сондай-ақ, Иса Ақбербаев сәуір айының WBC рейтингіндегі бірінші ауыр салмақ боксшылары арасында бір саты көтеріліп, 37-орынға тұрақтады.