АСТАНА. ҚазАқпарат - IBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы құрлықаралық әлем чемпионы Жаңқош Тұраров 18 наурызда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Елімізде өтетін бәсекеде ол IBO нұсқасы бойынша толық салмақта титулды сарапқа салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы аталған белбеудің қазіргі иесі мексикалық Алехандро Менесеспен қолғап түйістіреді.
Жаңқош Тұраров былтыр желтоқсан айында өткен соңғы жекпе-жегінде венесуэлалық Луиса Энрике Ромероны жеңді.
Ал Алехандро Менесес былтыр сәуір айында ұлыбританиялық Сэм Максвеллнен басым түсіп, IBO титулына ие болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын боксшы Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айрылды.
Фото: prosports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.