ЖАНҚҰТТЫ БИ
Ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына араласады. Жанқұтты Ботантайұлы өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешені Шабанбай бидің батасын алып, тәлім тәрбиесін көрген. Ол Жақсы Жанқұтты биге былай деп бата берген:
«Аллаға жағам десең - қазанды бол,
халқыңа жағам десең - әділ бол,
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Аймағың суат болсын,
Сөзің халқыңа қуат болсын!».
Кұнанбай, Алшынбай, Құсбек төре сияқты ел жақсыларымен қарым - қатынаста болған.
Жақсы Жанқұтты би бала Абайдың болашағын болжап, бата берген. 1850,1873 жылдары қажылыққа барған.
Соңғы барғанда Құнанбайдың келесі жылы барайық деген сөзіне: «Келер жылға мен қарар едім, ажал қарамайды ғой» деп жүріп кетеді.
Сол сапарында Меккеде қайтыс болады. Жақсы Жанқұтты атанған шешен, бидің кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырған, үлгі боларлық нақыл сөздері мол.
Жақсы Жанқұтты бидің айтқан дуалы сөздерінен халыққа қамқор болу, сыртқы дұшпандардан қорғану үшін жасаған іс-әрекеттерді; ел бірлігін сақтау, ру арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында әділ қазылық жасау; ұрпаққа ұлағатты сөз қалдыру, жастарды тәрбиелеуге айрықша мән беріп, көңіл бөлу жайлы бағыттар байқалады.
Жанқұтты би туралы деректер Қ.Жұмалиевтің «ХVІІІ - ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1967), Б.Адамбаевтің «Халық даналығы» (1984), «Ел аузынан» (1990) еңбектерінде келтірілген.
Қарағанды облысының Шет ауданындағы мектеп-гимназия, аудан орталығындағы көше Жақсы Жанқұтты бидің есiмімен аталады.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том