Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт «Астана-Арена» стадионы алаңы ортасына бір құшақ гүл алып шыққан. Кейін тізерлеп тұрып, сүйіктісінен оған тұрмысқа шығуын сұраған. Ал жас ару оған келісімін берген.
Еске сала кетейік, бірер сәт бұрын 2016 жылғы Қазақстан Суперкубогын «Қайрат» командасы жеңіп алған болатын. Олар елордалық «Астананы» 5:4 есебімен қапы қалдырды.
Фото: vesti.kz