33 жастағы аргентиналықты ақ халаттылар ажалдан арашалап қала алмады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға стадионның шыға берісінде, ойыншы өз көлігіне бара жатқанда орын алған. Осы жерде футболшыны бір топ жанкүйер қоршап алып, оған кірпіш лақтырған. Шабуыл жасағандардың қатарында қарсылас команданың ойыншысы болуы мүмкін деген болжам бар екені де атап өтілді.
22:11, 04 Желтоқсан 2014
Жанкүйердің лақтырған кірпіші футболшының өмірін қиып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чакарита' жанкүйері лақтырған кірпіш басына тиген аргентиналық 'Тиро Федераль де ла Роха' клубының футболшысы Франко Антонио Нието ' үш күндік комадан соң көз жұмды, деп хабарлады sportyou.es.