Жанкүйерге лық толы стадионды күлге ұшырмақ болған лаңкестер алаңға жетпей жатып өздерін жарып жіберген

None
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Стадионды күлге ұшырмақ болған сомалилік екі лаңкес діттеген жерлеріне жетпей жатып, абайсызда өз өздерін жарып жіберген, деп хабарлайды Reuters Эфиопия үкіметіне сілтеме жасап.

Лаңкестер Аддис-Абебеде футболдан Нигерия мен Эфиопия құрамалары арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны кезінде мыңдаған жанкүйер жиналған стадионда жарылыс жасамақ болған.

Алайда стадионға бес шақырым жерде қаптаған полицейлерді көзі шалған лаңкестердің біреуінің жүйкесі сыр беріп, абайсызда батырманы іске қосқан болуы мүмкін.

Олардың қандай террорлық ұйым мүшелері болғаны әзірге белгісіз.