Сауалнамаға екі мыңнан астам қатысты. Респонденттердің 37 пайызы, GGG - Канело айқасы 17 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтеді деп есептесе, 29 пайызы жекпе-жек болады, бірақ алдағы жылы, деп жауап берген. Оқырмандардың 27 пайызы Канело Головкинге белбеуін айқассыз беретіндігіне сенімді. Ал 11 пайызы оның өтетіндігіне сенбейді.
Қазіргі уақытта Головкин мен Канелоның командалары жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесімен шұғылдануда.