Оқиға ойынның негізгі уақыты аяқталуға бес минут қалғанда басталған. Командалар бұл уақытта 0:0 есебімен тең ойын көрсеткен болатын. «Норрчёпинг» жанкүйерлері пиротехникалық заттарды алаңға лақтырып, нәтижесінде синтетикалық жабын мен қақпа торы өртеніп кетті.
Ұзақ үзілістен кейін матч қайта жалғасты, бірақ небәрі 50 секундтан соң алаңға қайтадан петардалар лақтырылды. Жанкүйерлерді трибунадан шығару үшін ойын қайтадан тоқтатылды.
Жарыс төрт жарым сағаттан кейін қайта жалғасты. Нәтижесінде «Эргрюте» екі матчтағы есеп бойынша 3-0 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, қазан айында Нидерланд полициясы Чемпиондар лигасы матчы алдында 180-ге жуық жанкүйерді ұстады.