Жанкүйерлер Димашты Қазан әуежайында қошеметпен қарсы алды

Фото: None
ҚАЗАН. Татар-информ - ҚазАқпарат – Осы уақытта Татарстан астанасы Қазанда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Татар-информ агенттігінің жазуынша, Қазан әуежайында Димашты ондаған жанкүйер, тіпті еңбек ардагері қарсы алып, оның қолын алды.

Қазақстандық әртіс Татарстанға ата-анасы Светлана және Қанат Айтбаевтармен бірге келді. Жанкүйерлер оларға да үлкен қошемет көрсетті.

Фанаттар кездесуге үлкен дайындықпен келген, олардың қолдарында үлкен бәліш, гүлдер, сыйлықтар болды. Сыйлықтардың арасында башқұрт халқының музыкалық аспабы құрай да бар. Олар қара көзілдірік киген әншіні көре сала есімін дауыстап айғайлап: «Татарстанда сізді қатты тостық. Кезекті рет. Сізді қатты жақсы көреміз», - деп жатты. Д.Құдайберген болса, өзіне тән қарапайымдылықпен жылы қабылдаулары үшін алғысын білдірді.


Айта кетейік, Қазан қаласы Д.Құдайбергеннің «Arnau» атты әлемдік гастроліндегі екінші қала. 16 ақпан күні ол Краснодарда концерт берген болатын. Бүгінгі шоудан кейін әнші Екатеринбургке, одан әрі Латвия, Украина, Германия, Чехияға аттанады. Турненің соңғы нүктесі сәуір айында Минск болмақ.




Соңғы жаңалықтар