Жанкүйерлер Головкин - Джейкобс айқасына сатылатын билет бағасына ренжулі
07:31, 22 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) - Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жегіне билет сатылмай жатып, жанкүйерлер арасында оның бағасына реніш білдіргендер шыға бастады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Бірқатар американдықтарды GGG - Джейкобс кешінің мұндай бағасы қуантпай отыр. Біз төлейтін 60 фунтқа осы тұрар ма екен»,-деп жазады NextBigPod твиттері Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының көрінісі түсірілген фотоны қоса көрсетіп.
Бокс кеші өткізілетін MSG 20789 көрерменге арналған.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне билеттер 18 наурыздан сатыла бастайды. Бағасы -100-ден 1000 доллар аралығында.