Әншінің Instagram-дағы фан-аккаунты әуежайға ресейлік, қытайлық, тіпті америкалық жанкүйерлер жиналғанын жазды. «Барлығы ертеңгі концертті тағатсыздана күтеді», - делінген онда.
Фото және видеокадрлардан жиналған жұрт қазақстандық әртісті гүлдердің астында қалдырғанын көруге болады. Бір шоқ гүлін тарту еткен фанаттардың бірі оларды өзінің бағында өсіргенін айтып өтті.
Айта кетейік, Д. Құдайберген қараша айында Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 10 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) «Arnau tour ENVOY» жеке концертін береді. Таяуда концерттің проморолигі жарияланды.