Оның айтуынша, жуырда Астанадағы медициналық холдинг аясында ми қыртыстары бөлімі ашылған болатын. Осыған байланысты хал үстінде жатқан Жаннаға көмек сұрап туыстары хабарласыпты.
"Бүгін мен Жаннаның әкесі Владимир Фрискемен сөйлесіп, науқасты біздің елде емдеу мәселесін талқыладық. Бірақ біз оның денсаулығының өте ауырлығына байланысты әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз. Дегенмен, олар Жаннаны осында әкеле алса, біз қолымыздан келгеннің барлығын жасауға дайынбыз. Өйткені дәл осы жағдайда оған көмек қолын соза алатын жалғыз ел біз боламыз деп толық айта аламын", - деп атап өтті ол.