«Қыркүйек айында және қазан айының бірінші онкүндігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланды. Бірақ қазан айының екінші жартысынан бастап репродуктивті санның (R) бірліктен асып кетуі байқалды. R санының қазан айында 11 күн бойы және қараша айында 6 күн бойы төмендеді. Қалған уақытта R саны 1-ден асты, сондықтан қала «сары аймақта» болды», - деді Жанна Пралиева қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша қазан айымен салыстырғанда өздігімен медициналық қызметке қаралып анықталғандар (аптасына 18-ден 213 жағдайға дейін) және үй ошақтарында қатынаста болып ауырғандар (аптасына 15-тен 217 жағдайға дейін) саны көбейген. Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 51,0-ден асқан.
«10 желтоқсаннан бастап қала «қызыл аймаққа» ауысты. Бұл бірінші кезекте қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамауына байланысты болып отыр», - деді ол.