Жаннет Әбіш - 9 жасында АҚШ пен Жапонияны мойындатқан ХХІ ғасыр оюшысы
Жаңа ғасыр оюшысы
Ол өзін жиырма бірінші ғасырдың оюшысымын деп есептейді. Ал кейбір өнертанушылароның қылқаламынан сюрреализмнің ізін көреді. Екі өнердің қатысы қанша депойлауыңыз мүмкін. Жаннет Әбіштің оған жауабы дайын.
«Қазақ танымына адамды тура бейнелеп сызу жат. Тіпті балбалдардың өзі біртиптес, нақты нақышталмаған болып келеді. Ал бұл кезде Батыс реализмнің шыңынбағындырып жатқан еді. Қазақ өз ойын сурет салып әуреленбей-ақ, ою арқылыбілдірген. Оюдың жаңағы реалистік суреттерден мәні әлдеқайда терең болатынысодан. Жалпы, қазақтың ұлттық биі мен оюы тұнып тұрған философия ғой. Өн бойытұспал. Оны түсінуге түйсік тілі, көруге көкірек көзі керек», - дейді жассуретші.
Шым-шытырық шимай мен баттасқан бояулар әлемінің өкілінен мұндай сөзестиміз деп ойламаған едік. Сальвадор Далиді пір тұтуы тиіс кейіпкерімізқазақтың кестеші әйелдерін сурет өнерінің әулиесі санайды екен. Бұл да бізкүтпеген бір ғажап дүние секілді болды!
«Біздің шешелеріміз бен әжелеріміз шетінен кестеші, ісмер болғанын білесіз.Ою-өрнек сызу олар үшін күнделікті тұрмыс саналатын. Ал сол оюларға қарапойланып көрдіңіз бе? Отағасына деген іңкәрлігі де, төркініне деген сағынышы да,баласына деген тілеуқор махаббаты да сол оюларда сайрап тұр ғой, шіркін!Түскиіздер мен сырмақтарға қарап жатып, сол әжелерімді аяймын, кейде. Қаншамасыршыл сурет иелері іштен тынып, бар өнерін оюға салып өте берген?! Мен суретшіретінде өз бастауымды сол оюлардан алдым», - дейді Жаннет.
Жаннет Әбіш есімді суретшінің бар екенін әлем 2001 жылы білген болатын.Нью-Йоркте өткен «Болашақ балалардың көзімен атты» атты халықаралық конкурста олбірінші орын алды. Екі жылдан кейін Жапонияда Азия елдерінің жас суретшілерарасындағы байқауда Жаннет бас жүлдені қанжығасына байлады.
Ойынға құмартпай, оюға телмірген қаракөз қандасының талантын байқап, оныүлкен өнерге баулыған Жанатхан Сағидан еді. Моңғолия астанасында ерекше үйірмеашып, жастардың талантын өз танымы бойынша ұштаған суретшіні бергі жақтағы бізбілмегенімізбен, ол жақтың қазақтары мақтан етеді. Қазір оның қос ұлы әкеніңізін жалғап, Азияға танымал суретші атанып жүр. Осындай ортадан шыққан қазаққызының көшпелі өркениеттің уызына жарып өсуі заңдылық та шығар.
2006 жылы ол халықаралық «Шабыт» конкурсының гран-при жүлдегері атанып, елордада«Ою түс» деген атпен көрме өткізді. Елдегі танымал суретшілердің қаршадайЖаннетке назары ауатыны да осы тұс. Ал 2008 жылы «Дарын» мемлекеттік жастарсыйлығының лауреаты атанған ең жас суретші болып тіркелді.
Мектеп бітірген соң Жаннетті Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнеракадемиясы құшақ жая қарсы алды. Роза Әбенова, Баян Барманқұлова, Камилла Лисияқты отандық өнертанушылар бірауыздан «феномен» деп бағаласа, майталман суретшіағалары әлі күнге дейін жол нұсқап, қамқорлық танытып келеді. Оқу бітіргенненкейін Жаннет режиссерлікке де бет бұрды. Арасында декоративті кескіндеме мендизайнерлікке де уақыт тауып жүр.
Қазақ билерінің өзі айтқан құпиясын ашу үшін «Qazaqstan» ұлттық арнасында көпсериялы деректі топтама түсірді. «Өнер шежіресі» атты 15 сериялы жұмысы дакөрерменнің көңілінен шықты. Қазақтың бай әлемін замандастарына түсініктітілмен көрсету үшін түрлі тәсілдерді пайдаланып, ондаған фильм мен роликтертүсірді.
Өзін көшпелі өркениеттің үзігі санайтын заманауи суретшінің туындыларынакөз тастап көрдік. Ойымыз – тылсым туындылардан қазақ оюына ұқсастық табу еді.
«Бұл суретті 14 жасымда сызыппын. Атын «Мәңгілік мәселе» деп қойғанмын.Анықтап қарасаңыз, оюға ұқсас қызыл құсты құшағымен қорғаштап, көкке ұмтылғанер адамды көресіз. Оның аяқ жағында бұзау құшақтаған әйел бар. Қызыл құс мақсатпен мүдденің символы ретінде алынған. Ал сиыр – үйдегі береке мен молшылықтыңбелгісі. Мұндай тартыс әр жанұяда болып жатыр. Оның қашан басталғанын, қашанаяқталатынын ешкім білмейді. Сондықтан да бұл – Мәңгілік мәселе», - дейді күліпол.
Кішкене сырмақтың үстінде ебедейсіз отырған алып денелі ұсқынсыз адамныңсұлбасына көзім түсті. Туындының аты «Жалғыздық» екен.
«Қараңыз, мына адам баяғыда-ақ есейіп кеткен. Ал астындағы сырмақ – оныңкомфорт аясы. Бұл ая өзіне тарлық ететінін білсе де, шыққысы келмейді. Оныңсыртында сары түсті кеңістік қоршап тұр. Бұл түс мен үшін дабылдың, ескертудің,сын-қатердің символы. Сырмақ үстіндегі пенденің көзіне айналасы осылай көрініптұр», - дейді суретші.
Шетелдік әріптестері Жаннеттің қанық түстерді мейлінше батыл үйлестіреалатынын ерекше бағалайтын көрінеді. Тіпті соның құпиясын сұрағандар даболыпты.
«Оның құпиясы менің балалық шағымда жатыр. Қазақ оюларының күңгірт түспенбоялған кезін көрдіңіз бе? Жалпы қазақ әлемі тұтас қанық бояудан тұрады ғой.Соның бәрі менің жадыма сәби күнімде код болып енген сияқты», - дейді Жаннет.
Ол бізге бұған дейін талай көрменің көркін ашқан туындыларын ғана көрсетті.
Күзде «Адам» деген тақырыппен жаңа көрме өткізбекші екен. Тың туындыларын көрмегедейін сырт көзден тасада ұстаймын деп шешсе керек. Қиялшыл бүлдіршіннің оюшыбойжеткенге айналған шағындағы суреттерін көру үшін күзгі көрмеде жолығуғауағдаластық. Сол үшін күзді асыға күтеміз!