Жаңөзенде екі даяшы жасөспірім қайтыс болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында 2 жасөспірім газдан уланып, қайтыс болды,-деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

2005, 2006, 2003 жылы туған үш жасөспірім Жаңаөзен қаласындағы мейрамханалардың бірінде түнде даяшы болып, артынан сонда қонуға қалып қойған. Таңертең мейрамхана қызмекерлері екі жасөспірімнің денесін тапқан. Тағы бір Жаңаөзен қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Қазір ол есін жиып, жағдайы тұрақтанды. Оған газдан улану диагнозы қойылған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірім ертең жалпы палатаға ауыстырылады.

Облыстық Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 156-бабының 4 бөлігіне сәйкес Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,-делінген хабарламада.