Үшінші орын үшін өткен бәсекеде отандасымыз Италиядан келген Олимпиада чемпионы Фабио Базилеге ұпай саны бойынша есе жіберді. Осылайша, ҚР құрамасы жарыстың бірінші күнін бір алтын медальмен аяқтады. Оны 60 кг салмақта сынға түскен Елдос Сметов жеңіп алды.
Қазақстандықтардан басқа бүгін татамиге Гумар Қырғызбаев, Әйгерім Төреғожина, Севара Нышанбаева мен Назгүл Құбашева да өнер көрсетті.