«Кеше халықаралық «Vienna Open» турнирі аяқталды. «А» турниріне 398 шахматшы қатысты. Мен әйелдер арасындағы сайыста бірінші орынға ие болдым. Мен жинаған ұпай саны 2 мен 11-ні орын арасында ерлер жинаған ұпаймен тең болды», - деп жазды спортшы Инстаграм парақшасында.
Сонымен қатар, отандасымыз қыздар арасындағы үздік нәтижесі үшін аты аңызға айналған Нана Александрияның қолынан арнайы сыйлық алды.
«Қолдау білдірген барлық жанкүйерге мың алғыс», - деді Жансая Әбдімәлік.
Еске сала кетсек, Қытайдың Хэншуе қаласында шахматттан өткен IMSA World Masters чемпионатында отандасымыз экс-чемпион Александра Костенюкті «алтынсыз» қалдырған болатын.