Жансая жинау мүмкін болған 12 ұпайдың ішінен 8,5 ұпайды еншіледі. Бұл оған 6-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде, Сәдуақасова 8 ұпай жинады. Спортшылардың үздік ондыққа кіруіне осының өзі жеткілікті болды.
Айта кетейік, бүгін Санкт-Петербургте шахматтың блиц түрінен Әлем чемпионаты басталады. Ол екі күнге созылады.
Фото: wrbc2018.com