АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Алматыдағы №557 референдум учаскесінде дауысын берді. Учаскеге ол әкесімен бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жеке есебім бойынша, бұл - мен қатысып жатқан екінші саяси науқан. Алғаш рет 2019 жылы Президент сайлауында дауыс бергенмін. Референдум – еліміз үшін ауқымды тарихи оқиға. Мен үшін бұл - ең алдымен өзімнің азаматтық позициямды білдіруге болатын мүмкіндік деп санаймын», - деді Жансая Әбдімәлік.
№557 учаскесі сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Бахинаның айтуынша, бұл учаскеде 2 264 адам тіркелген.
Таңертеңнен бері 250-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.