Сонымен қатар, Сьюэан Полгар (ең үздік әйелдер жаттықтырушысы), Ли Веньлин (ең үздік жасөспірімдер жаттықтырушысы) және Борис Постовский (ерекше жетістігі үшін) сынды бапкерлердің еңбектері аталып өтті.
Атақты гроссмейстер Владимир Чучелов қазіргі уақытта негізінен бапкерлік қызметпен айналысады. Бельгия азаматының өз мектебі бар. Оның шәкірттері - Фабиано Каруана мен Аниш Гири. Өткен жылдан бастап Чучелов қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікпен жұмыс істей бастады.