«Биыл Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесінің құрылғанына 27 жыл толады. Бұл бастаманы бірінші болып қолға алған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Бүгінгі таңда АӨСШК құрамына 27 мемлекет, 8 бақылаушы ел және 5 халықаралық ұйым кіреді», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.
Оның айтуынша, 2014 жылы 5 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен АӨСШК арасында меморандумға қол қойылған.
«Келесі жылы Ассамблеяның 25 жылдығы тойланады. Бұл - Ассамблеяның қоғамдағы рөлін көтерудегі жаңа деңгей болмақ, сол себепті бүгінгі форумның тақырыбын осылай атадық. Қазақстан халқы ассамблеясы - азаматтық қоғамды дамытудағы жарқын мысал», - деді ол форумның ашылу салтанатында.