деп хабарлады РИА Новости .
Айта кетейік, бұған дейін Сатыбалдиев Қырғызстан Президенті әкімшілігінің басшысы болған.
Тамыз айының соңында Омурбек Бабановтың үкіметі парламенттегі коалиция тарағаннан кейін отставкаға кеткен болатын. Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаев әлеуметтік-демократиялық партияның парламенттік фракциясына жаңа коалиция құруды тапсырды. Оған парламенттегі 5 францияның 3-уі - "Ата-Мекен", "Ар-Намыс" және әлеуметтік-демократиялық партияның парламенттік франциясы кірді. Олар Президент әкімшілігінің басшысы болған Сатыбалдиевтің кандидатурасын премьерлікке ұсынды.