Анасы қызының денесімен жауып, қызының өмірін құтқарып қалды, деп хабарлады "Комсомольская правда".
6 тамызда ерлі-зайыпты Руслан мен Елена 2 жасар қызы мен 8 жастағы немере інісін ертіп өзенге демалысқа жолға шығады. Бірнеше минуттан кейін олардың көлігі «Лада Калина» көлігіне соғылады.
Оқиға орнына жеткен полиция ауыр жараланған Руслан мен Еленаны ауруханаға алып кетеді. Алайда олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 2 жасар қыз аман қалды: соқтығысқан кезде анасы оны өз денесімен жауып қалған.
Екінші көлікте де бала болды, ол да ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші мен жолаушының өмірін қауіпсіздік жастығы құтқарып қалған.
Қазір қаза тапқан Миленаның 2 жасар қызы ата-әжесімен тұрып жатыр.