Өкінішке қарай, бұл көлікпен жолға шығуға болмайды, себебі ол мүсін ретінде бір жерде тұру үшін ғана жасалған. Риз Мур есімді азамат б ұған дейін де осы тектес бірнеше мотоциклдерді құрастырған, олардың кейбірі түрлі қалаларда мүсін ретінде қойылған екен.
Американдық азаматтың айтуынша, ол 1990 жылдары сүйектерден Хэллоуинге арналған бұйымдарды жасаудан бастап, ақыр соңында мотоциклдерді жасауға бел буған. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, ол осы көліктерді құрастыру үшін материалдарды бірнеше жылдар бойы жинапты.