Жанұя құрғысы келетіндер жастарға түрлі кеңестер мен тәжірибелік нұсқаулар берілетін оқу курстары алдағы екі жыл аясында елдің барлық нүктелерінде ашылатын болады.
Осы елдің Әділет министрлігіне қарасты Неке мәселелері жөніндегі үйлестіруші Фуад Джугайманның мәлімдеуінше, қазіргі кезде жаңадан үйленгендерге немесе жанұя құруға ниеттенгендерге отбасылық өмірдің қызық-шыжығы мен қыр-сырын үйретіп мыңдаған нұсқаушылар дайындалуда.
Фуад Джугайман бұндай дайындық курстарының ашылуы елдегі ажырасу көрсеткішін төмендететіне сенімді. Сұхбат барысында ол жанұя курсын мемлекеттік бағдарлама ретінде қабылдаған Малайзия мемлекетінде ажырасу көрсеткіші 32%-дан 7 %-ға дейін төмендегенін алға тартты.