Жанжалдың түбі адам өліміне алып келді - Өскемен

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы 13 қазанда түнгі сағат 00.30-да Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті АІІБ кезекші бөліміне орталық аудандық ауруханадан түнде бас, жүрек және ішінен пышақ жарақаты бар Үлкен-Бөкен ауылының 38 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыр жарақат алған азамат ауруханада көз жұмды.

Таңертең ертемен Ұлан ауданындағы «Жастар» стационарлық бақылау бекетінде 1984 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өз әрекетін жәбірленуші екеуі арасында жанжал болып, сол себепті оған қол жұмсағандығымен түсіндірді.