Жапон биржасы құлдырады: Toyota, Nissan және Honda

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Токио қор биржасындағы бүгінгі сауда баға белгіленімінің (котировка) құлдырауымен аяқталды. Жапонияның 225 жетекші компаниясының акцияларының орташа бағасын көрсететін NIKKEI индексі 2,1 пайызға төмендеп, 9,489 бағамына тұрақтады.

Ең қатты зардап шеккендер Toyota, Nissan, Honda автоөндірушілері мен Sony электроника өндірушісі, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Құнды қағаздар бағамының құлдырауына АҚШ-тан жеткен жайсыз жаңалықтар себеп болуы мүмкін. Аталған компаниялардың күтілгеннен төмен нәтижеге қол жеткізгендері туралы есептері жарияланғаннан кейін, кеше Құрама Штаттарда компаниялардың негізгі көрсеткіштері құлдырап кетті.