Жапон ғалымдары 30 жыл қатырып сақтаған тіршілік иесін өмірге бейімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Ұлттық полярлық зерттеулер институты ғалымдары «су аюы» ретінде белгілі мақұлықты қайта жібітіп, өмірге бейімдеді, деп жазды russian.rt.

Зерттеушілер тіршілік иесін 1983 жылы Антарктидада мүк арасынан тауып, -20 ⁰С температурада қатырып сақтаған. 2014 жылдың мамырында оны жібітіп, «ояту» жұмыстары сәтті аяқталды.

Ғылыми зерттеу тәжірибесінің авторлары хабарлағандай, «су аюы» бүгінде өмірге тез бейімделіп кете алды.
«Су аюы» - өте кішкентай мақұлық. Оның ұзындығы - 1 мм.
Мақұлық қоршаған ортаның экстремалдық жағдайларында тіршілік етеді, деп хабарлады «The Independent».