Мамандардың айтуынша, балық өнімдері - адам денсаулығына және көңіл күйдің жақсы болуына әсері мол, пайдалы азық.
Мұны дәлелдеу үшін ғалымдар егде жастағы 100 ер мен әйелді арнайы тәжірибе жұмыстарына қатыстырған. Олардың барлығы салауатты өмір салтын ұстанатындықтары және күнделікті тұтынатын азық-түліктері туралы дайындалған сұрақтарға жауап берген.
Арнайы сынақ нәтижесі бойынша олардың ішінде 40 пайызы балық өнімдерін тұтынатынын айтқан. Бақылай келе сол адамдардың психикалық және физикалық тұрғыда тұрақты әрі, мықтылығы анықталған. Қортындысында, мамандар ақуыздың адам өмірінің ұзаруына себеп болып, адам ағзасына қуат беретініне тағы бір мәрте көз жеткізген.