Қазіргі уақытта адам құлағы қажет болған жағдайда, пациенттің қабырғасынан алынатын шеміршектен өсіріледі. Бұл үлкен еңбекті қажет ететін ота. Шеміршекті алудың өзі оңай шаруа емес. Одан кейін шеміршек алынған орынның қалпына келуі өте баяу үрдіс. Тіпті толықтай жазылмауы да мүмкін.
Жапон технологиясы шамалы жасуша мөлшерін ғана талап етеді. Құлақты өсіру үшін ғалымдар шеміршек жасушасында плюрипотентті бағаналық жасуша қалыптастырды. Одан кейін тірі өскен құлақты имплантациялауға болады.