деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Бейнекарта FPGA төрт бағдарламалық матрицалардан тұрады, оларда жеті миллионға жуық жартылай өткізгіш логикалық элементтер-вентильдер қамтылған. Әрбір матрицаға жедел жадылы 256 мегабайт қосылған. Бесіншісі - ең аз FPGA PCI интерфейсі арқылы деректерді беруді басқарады.
Лазер сәулесінің көмегімен зерттеушілер мөлшері бір метрлік үш өлшемді бейнені түсіруге қол жеткізді.
Технологияны әзірге жетілген деп айтуға болмайды. HORN-6 бейнекартасының бір кадрын алуға 12,5 секунд талап етіледі. Ғалымдар әрқайсысында осындай төрт бейнекартадан орнатылған, төрт компьютерден тұратын кластерді қолданып көрді. Мұндай жүйе секундына бір кадр жиілікпен бейнелерді алмастыруға мүкіндік береді.