«Қазақстаннан хат-хабар» айдарымен жарияланған мақалада Орталық Азия тұрғындары асыға күтетін Наурыз мерекесінің мән-мағынасы және Қазақстан Республикасында оның қалай тойлайтыны жазылған. Мақалада Шығыс халықтары үшін аса маңызды мереке - Наурыз келгенде ежелгі ғұн заманындағы көшпенділер ерте тұрып, Күнді қарсы алғандығы туралы айтылады.
«Көктемді қарсы алғанда Орталық Азия халықтары ағаш егіп, бұлақ көзін ашады» дей келе автор, Наурыздың қазақ танымымен байланысын баяндайды. Сонымен қатар, мақалада қазіргі замандағы наурыз айшықтарын да суреттеген. Мереке күні Астана, Алматы шаһарларында Елбасы мен қала басшыларының құттықтау сөзімен ашылатын Наурыз мейрамының тойлануы туралы жазылған.
Мақаланың «Тау баурайындағы Жамбыл ауылында» деген бөлімінде 2009 жылы бір топ жапон азаматтарының Жетісу жеріндегі Жамбыл ауылында қонақта болып, анасының қолынан наурыз көжеден дәм татқанын есіне алған журналист наурыз көже дәмінің ерекшелігі мен пісіру әдістеріне тоқталады. Журналист Қазақ елі Ұлы мейрамға арналған наурыз көжені бірлік пен берекенің символы санайтынын, Наурыз күні ешкімді алаламай, дастарқаннан әр адам дәм тату керектігін айтқан.
11:48, 24 Наурыз 2017
Жапон газетінде Қазақстандағы Наурыз туралы мақала шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиодағы «Жапония және Еуразия» газетінің кезекті санында жапонтанушы, журналист Шарафат Жылқыбаеваның Ұлы мейрам - Наурыз туралы мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.