Жапон иенінің долларға шаққандағы құны құлдырап бара жатыр

Фото: Google

АСТАНА. KAZINFORM — Жапония Қаржы министрлігінің өкілі жапон иені бағамындағы құбылулар біржақты сипатқа ие екенін айтып, шамадан тыс ауытқуларға жауап қатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Kyodo жазды.

Жапония Қаржы министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі дүйсенбі күні жапон иені бағамындағы соңғы өзгерістердің жылдам әрі біржақты болып отырғанын атап өтіп, ел билігі валютаның шамадан тыс құбылмалылығына тиісті түрде әрекет ететінін айтты.

Жапон иенінің АҚШ долларына шаққандағы бағымының әлсіреуін Жапония Банкі жұма күні негізгі пайыздық мөлшерлемені соңғы 30 жылдағы ең жоғары деңгейге көтергеннен кейін де жалғастырды.

Жұма күні Нью-Йорктегі сауда барысында доллар бағамы бір айдағы ең жоғары деңгейге жетіп, 1 доллар 157,78 иенге дейін көтерілді. Таңғы сағат 9:00–де америкалық валютаның бағамы 157,63–157,65 иен деңгейінде болды.

Еске  сала кетсек, Жапония апаттан зардап шеккен Шри-Ланкаға 2,5 млн доллар шұғыл көмек беретінін жаздық.